ИНФОРМАЦИОННЫЙ САЙТ АКИМА ЕСИЛЬСКОГО РАЙОНА

www.esil.gov.kz    

СИЛА ЛЮБОГО ГОСУДАРСТВА - В ЕГО НАРОДЕ.

                                                                            Н.Назарбаев

                                    

Поиск по сайту

Поделиться

Социальные сети

1. Да, знаю о программе, хочу приобрести жилье в городе Есиль; 2. Да, знаю о программе, хочу приобрести жилье в другом городе, области; 3. Слышал (а) о программе, не задумывался (лась) о приобретении жилья; 4. Впервые слышу о данной программе.


«Латын әліпбиі –заман талабы» туралы пікір

          Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері көптеген қазақ зялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз.

          Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.  Соңғы кезде қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл ретінде көтеріліп, оның ықпалы өзіміздің отанымызда да, шетелдерде де өсті.

           Осы замандағы жас ұрпағымыз президентіміздің талабы  бойынша үш тілді  үйреніп келеді. Біздің жастарымыздың мүмкіндіктері  өте жоғары, сондықтан да біздің мектеп оқушылары әр уақытта әлемдік олимпиада, байқауларда жүлделі орын алып келеді. Өмірдің жаңа жетістіктерін жастар бірден қабылдайды және әлемдік кеңістікте болып жатқан өзгерістерді тез меңгеріп алады. Қазірдің өзінде ұялы телефон, компьютер, интернетпен жұмыс істегенде латын алфавитін кеңінен қолданады. Сондықтан латын графикасына көшу мәселесі өте орынды және өзекті болып отырғанын көреміз.

            Латынға көшкенімізде қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. 

Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Жастардың көбісі латын әліпбиін қолданатын шет тілдерін білуге ынталы, қоғамның компьютеризациясы, интернеттің қолданылуы, батыс мәдениетінің теледидар, кино арқылы ықпалы, еуропалық сапа, талап - осының бәрі біздің қоғамымызды латын әліпбиіне итермелейді.

    Мен зейнеткер бола тұра қазіргі заманымыздың өргерістерін көре тұра, келер ұрпақтың  заманға сәйкес қадамдарын алға басып ұмтылғанын армандаймын. Қазақ  елінің мәртебесі көтеріле берсін,  қазақ әліпбиін кирил графикасынан латын графикасына сәтті көшіруіне біз аға буындар куә боламыз деп үміттенеміз. 

 

Қ. Әбдуахитова, зейнеткер.

Есіл қаласы

Страница создана: 22.02.2018 05:45
Страница обновлена: 22.02.2018 05:45
Просмотров: 1448

Текст